CALL CENTER: 8 727 259 69 00,   8 727 355 13 33
Интернет-банкинг жүйесіне тіркелу

Интернет-банкинг жүйесіне кіру
Жүйеге алғаш рет кірген кезде Сіз келесідей әрекеттерді жасауыңыз керек:
  1. 1. «Қолданушының атына» Банктік Тіркелу Нөмірін енгізіңіз
  2. 2. ПИН-конверттің ішіндегі Парольді енгізіңіз
  3. 3. Токен құрылғысы құраған 6-таңбалы қауіпсіздік кодын енгізіп «Жалғастыру» түймесін басыңыз.
Ескертпе:
6-таңбалы қауіпсіздік кодын құрау үшін Токен құрылғысының оң жақ бетінде орналасқан сұр түймені бір рет басыңыз.
4. Міндетті түрде Парольді Өзіңізге ыңғайлы болатын кез келген мағыналарға ауыстырыңыз.
5. «Жеке тұлғаларға электрондық банк қызметтерін көрсету туралы келісімге» енгізілген өзгерістермен танысу және олардың шарттарын қабылдау. Өзгерістерді қабылдау тәртібімен аталмыш келісімнің 16.9. бөлімінде танысуға болады.

Қауіпсіздік
Мүмкіндігінше сенімді қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету үшін Сіз келесідей әрекеттерді жасауыңыз керек:
• Өз операциялық жүйеңіз (мысалы Windows XP) және Сіздің Интернет-браузеріңіз ең соңғы қауіпсіздік жаңартуларына және патчилеріне ие екендігіне көз жеткізіңіз
• Антивирустық және/ немесе тыңшылыққа қарсы бағдарламалық қамсыздандыруларды үнемі жаңартып тұрыңыз;
• Сіздің жеке мағлұматтарыңызды жүйеге рұқсатсыз кіруден сақтау үшін желілік сүзгілерді пайдаланыңыз;
• Өзіңіздің Қолданушы атыңызды және Парольді құпия ұстап ешбір үшінші тарапқа хабарламаңыз. Бұл мағлұматты үшінші тарапқа қол жетімсіз жерде сақтап, мүмкіндігінше бір парольді әр түрлі жүйелерде қолданбаңыз.
Токенді пайдалану және жүйеде тіркелу барысы бойынша қосымша ақпаратты біздің Веб-сайтта http://www.altynbank.kz. және +7 727 259 69 00 телефон нөмірі арқылы біле аласыз.